Спартакиаданың екінші күнінің қорытындысы шығарылды

25 тамыз, 15:00
Спартакиады XXI барлық фотоларын осында қарай аласыз әлде сілтеме арқылы жүктеу https://drive.google.com/drive/folders/1DpMWFnR1_Ei4SzBq-n2ya7hAMn64ztJ8?usp=sharing
Достармен бөлісу:

Спартакиаданың екінші күнінің қорытындысы шығарылды

Спорт мерекесі жалғасуда, екінші күн қатысушылар мен жанкүйерлерге көптеген қызықты сәттер сыйлады. Сондай-ақ Спартакиаданың жаңа жүлдегерлерінің толық тізімі жасалды:

Армрестлинг:

60 кг дейінгі әйелдер

  • 1-орын Мария Бухарова (ҮМЗ)
  • 2-орын Нина Павлова (Инкай)
  • 3-орын Жанар Мысырханова (Қызылқұм)

75 кг дейінгі әйелдер

  • 1-орын Меруерт Қалдыбай (Қаратау)
  • 2-орын Жадыра Мамырова (Қазатомөнеркәсіп-корп.орталығы)
  • 3-орын Айсара Марданаева (ТТК)

Әйелдер 75 кг +

  • 1-орын Гүлзуан Әбдіразақова (Қазатомөнеркәсіп-Sauran)
  • 2-орын Рейхан Тагиева (Инкай)
  • 3-орын Оксана Кеда (Волковгеология)

Ерлер 80 кг дейін

  • 1-орын Руслан Жамбылов (ҮМЗ)
  • 2-орын Ерлан Дәрімбаев (ОТХК)
  • 3-орын Пазылбек Сапармұрат (Волковгеология)

Жеңіл атлетика: Үш кіші санатты қамтыған жарыстың тағы бір кезеңі өтті. Әйелдер (200 метр)

  • 1-орын Маргарита Мехнина (ҮМЗ)
  • 2-орын Надежда Попова
  • 3-орын Фариза Нұршаева

Ерлер (1500 метр)

  • 1-орын Игорь Блинов (ҮМЗ)
  • 2-орын Тұрсынай Абдуллаев (Инкай)
  • 3-орын Рысқали Шарпат (Аппақ)

Командалық эстафета:

  • 1-орын ҮМЗ
  • 2-орын Инкай
  • 3-орын Волковгеология

Үстел теннисі: Бірінші турдан кейін үш команда көш бастады: РУ-6, Қазатомөнеркәсіп-SaUran, ОТХК - әр ұжымда 3 жеңістен бар.

Бадминтон: Бұл спорт түрінен ҮМЗ көш бастап келеді: команда бірде-бір ойыннан ұтылған жоқ және 5 матчтан кейін кестеде сенімді түрде бірінші орынға ие болды.

Волейбол: Екінші турдан кейін айтарлықтай өзгерістер байқалмайды: А тобында ҮМЗ ұпай жоғалтпай көш бастап келеді, В тобында жеңілмейтін ОТХК топ басында тұр. С тобында көшбасшылардан бір геймді алып үлгерді, алайда Қаратау бірінші орында қалып отыр. Д тобының басында Қызылқұм келе жатыр, оның қоржынында екі жеңіс пен 0 жеңіліс бар.

Мини-футбол: Мини-футболдың екінші туры командалардың финалға шығу болашағына айқындық енгізді. А тобында бірінші орынды Қазатомөнеркәсіп-SaUran мен Волковгеология 6 ұпаймен бөлісті, бұл ретте Қазатомөнеркәсіп-SaUran жеке кездесулердің көрсеткіштері бойынша алда болды.
Б тобында бірінші орынды Қаратау иеленді, екі матчта жеңіске жетіп, бір рет тең түсті. Одан кейін жалпы 17-0 есебімен СКК келеді, бірақ бір матчты аз ойнады. РУ-6 пен Орталық бірінші және екінші орындарды иеленген С тобында екі команда да 6 матчта бір ғана доп жіберіп алды. Көшбасшылардың бетпе-бет кездесуін күтеміз! D тобында ОТХК жеңісті жолын жалғастырып жатыр – өз тобында команда әлі де жеңіліс ұшырамай, екі турда бір доп жіберіп алды, көшбасшының соңынан Инкай командасы өкшелеп келеді.

Басқа жаңалықтар