21 тамызда Ұйымдастыру комитетінің «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Спартакиадасына қатысушы командалардың өкілдерімен кездесуі өтті. Спорттық іс-шараны өткізуге дайындық туралы негізгі ақпаратпен Ұйымдастыру комитетінің өкілі Қасымжан Мәдиев сөз сөйледі. Атом холдингінің негізгі кәсіпорындары атынан 22 команда 9 спорт түрінен жеңіске жету үшін күресетін болады. Спартакиада сайтында жарыстардың онлайн трансляциясы ұйымдастырылады. Бұл кәсіпорын қызметкерлері үшін өз командасын көруге және қолдауға тамаша мүмкіндік.
Отырыс барысында спортшыларды орналастыру, тамақтандыру және оларға көліктік қызмет көрсету, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау, медициналық қамтамасыз ету мәселелері және ауқымды іс-шараны ұйымдастырудың басқа да көптеген жұмыс сәттері талқыланды. Ұйымдастыру комитеті сондай-ақ, Спартакиаданы өткізу кезінде қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударады.
Спартакиады XXI барлық фотоларын осында қарай аласыз әлде сілтеме арқылы жүктеу https://drive.google.com/drive/folders/1DpMWFnR1_Ei4SzBq-n2ya7hAMn64ztJ8?usp=sharing