Спартакиада – бірінші күн

24 тамыз, 16:00
Спартакиады XXI барлық фотоларын осында қарай аласыз әлде сілтеме арқылы жүктеу https://drive.google.com/drive/folders/1DpMWFnR1_Ei4SzBq-n2ya7hAMn64ztJ8?usp=sharing
Достармен бөлісу:

Волейбол Биыл Спартакиада ойындарын волейбол матчы ашты. Қатысушы командалар 4 топқа (A, B, C, D) бөлінді. Бірінші күн қорытындысы бойынша А тобы көшбасшысы болып УМЗ ұжымы орнықты. Олар өткен екі кездесуді 2:0 есебімен жауып, 6 ұпайды қоржынға салды.

Ұқсас нәтижемен В тобында ЮГХК ұжымы екі ойында да жеңіске жетіп, топты бастады. Ал С тобы қорытындысы ондай айқын болды деп айта алмаймыз, себебі ойындар басталу кезінде “Қаратау” командасы 5 ұпаймен топты бастаған еді. “Орталық” командасы қарсыластығына байланысты топ көшбасшысы 1 ұпайдан айырылып қалды. Топта тартысты күрес күтілуде!

D тобында “Қызылқұм” ұжымы 6 ұпаймен жетекші позиция көрсетуде.

Шахмат УМЗ үштігі бірінші күн қорытындысы бойынша тыңғылықты бірінші орынды иеленді. Команда ойыншылары ішінде таңғаларлық нәтижені Мухамедкалиева Жанар көрсетті — барлық алты кездесуді жеңіспен аяқтады. Тамаша бастау!

Мини-футбол Бірінші күн қорытындысы бойынша болжау жасау — арзымайтын іс, себебі барлық топтарда екі командадан жеңіскер бар, бірақ, алғашқы күні айтарлықтай мықты нәтижені “Орталық” командасы 10-0 есебімен көрсетті.

Баскетбол: ЮГХК командасы қарсыластарын 46:8 есебімен жеңіп, өз тобының анық көшбасшысы болды.

Бадминтон: Бірінші күн қорытындысы бойынша УМЗ, ЮГХК, “Катко” командалары әрқайсысы 3-0 есебімен, 2 жеңіспен А тобының жетекшілері болды.

В тобында кестені “ИВТ” ЖШС ұжымы екі таза жеңіспен бастауда. Қазатомпром (корпоративті центр) командасы бір таза жәнеде бір техникалық жеңіспен топ жетекшілері ізіне ілесуде.

Жеңіл атлетика жүлдегерлері: Жеңіл атлетика жарыстары қорытындысы бойынша алғашқы медальдер берілді.

Ерлер финалы (100 м):

  • 1 орын: Александр Путинцев (УМЗ) - 11,56 с.
  • 2 орын: Еркiн Сагындыков («Казатомпром-SaUran») - 11,58 с.
  • 3 орын: Абзал Абай («Инкай») - 11,77 с.

Ерлер финалы 40 жастан аса (100 м):

  • 1 орын: Мынжасар Алпамысов («Волковгеология») - 12,58 с.
  • 2 орын: Руслан Боранбаев (Казатомпром – корп.центр) - 13,10 с.
  • 3 орын: Алексей Саулин (УМЗ) - 13,95 с.

Әйелдер финалы (100 м):

  • 1 орын: Галина Мироненко (УМЗ) - 14,25
  • 2 орын: Валентина Ким («Катко») - 14,31
  • 3 орын: Зарина Сапарова (Казатомпром – корп.центр) - 15,39

Әйелдер финалы (400 м):

  • 1 орын: Наталья Веприкова (УМЗ) - 1:12:15
  • 2 орын: Арайлым Шегебаева (KAP Technology) - 1:17:16
  • 3 орын: Меннура Нартбаева (Инкай) - 1:17:52

Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Басқа жаңалықтар